10 тамыз күні таңертеңгісін үш журналистің отбасы Делика микроавтобусымен демалысқа кетіп бара жатқанда Алматыдағы Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында оларға жолдан бағдаршамның қызыл жарығына өтпекші болған Тойота Камри көлігі келіп соғылған болатын. Апат салдарынан үш жолаушы және микроавтобустың жүргізушісінің денсаулықтары қатты зақымданып, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Басқа да жолаушылар түрлі дәрежеде зақымданған. Бақытжан Мұқышев болса әлі күнге өзіне-өзі келе алмай, ауруханада комада жатыр. Бақытжан мен Дастанға, Сәуленің басқа да туған-туыстарына қатты қайғырып, көңіл айтамыз.