ИЕРУСАЛИМ: Палестина автономиясының төрағасы М.Аббас пен Израиль премьер-министрі Э.Ольмерт бүгін өзара кездесіп, тоқтап қалған бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру мүмкіндігін талқылауға тиіс. Екі жақты келіссөз Э.Ольмерттің Иерусалимдегі баспанасында өтеді. Израиль премьер-министрінің кеңсесі хабарлағандай, бұл келіссөздің басты мақсаты – АҚШ-тың қаржыландыруымен өтетін “Таяу Шығыс конференциясының” алдында өзара келісімге келу болып отыр. Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру тақырыбына арналған конференция қараша айында болады.