Иран көлік жургізушілерінің көбірек бензин пайдалануына рұхсат берді

Бүгін Иран үкіметі жазғы мезгілдерде автокөлік иелерінің жанар майды көбірек пайдалануына мүмкіндік беріп отыр. Иранның мемлекеттік ақпарат бұлағы хабарлағандай, жекеменшік көлік иелері осыған дейін айына тек 100 литр бензин ала алатын болса, енді қазір оларға тағы 100 литр жанармай алуға рұхсат беріліп отыр. Иран маусым айының соңында, үнемдеу шарасын бастап жанар май пайдалануды шектеген болатын.