Ауғаныстанның оңтүстігінде талибан жасағы деп күдіктелген 19 жауынгер өлтірілді

Ауғаныстандағы АҚШ бастаған күштердің хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі екі бөлек қақтығыста бүлікші деп күдіктелген 19 жауынгер өлтірілген. Оның 12-сі Талибандар қолындағы Хельманд провинциясының Мұса қала ауданында өлтірілген болса, Қандағар провинциясында Ауған күштері бүлікші деп танылған топқа шабуылдап, жеті адамды өлтірген.