Ауғанстандағы шабуылдардан кемінде 12 адам құрбан болды

Кабул халықаралық әуежайының жанындағы тексеру бекетінде болған жанкештілік шабуылдан 2 ауған сарбазы қаза тапты. Сонымен қатар, елдің шығысындағы Кунар өлкесінде талибан соғысушылары деп күдіктелгендер АҚШ жетекшілігіндегі әскери базаға шабуыл жасады, оның салдарынан кемінде 10 қарапайым тұрғын опат болды.