Британиялық бас офицер, бас генерал Тим Крос мырза соғыстан кейінгі Ирақ саясатын жоспарлауға қатысқан болатын. “Санди Миррор” басылымында бүгін бас генерал Ирақтағы АҚШ саясаты “терең шытынап кеткен”, деді. Ирақтағы жағдай бей-берекеттіке алып баруы мүмкін, деген өз мазасыздығын сол кездегі АҚШ Қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфельдпен бөліскендігін, алайда оның бұл ескертуді елемей қойғандығын Крос мырза айтты. Қыркүйектің 1-і күні болса Британия генералы Майк Жексон АҚШ-тың Ираққа енгеннен кейінгі саясаты тығырыққа тірелді, деп сынаған болатын.