Ауғандық және шетелдік күштер 40 шақты талибан содырын өлтірген

Ауғаныстандағы АҚШ бастаған әскерлердің хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі екі бөлек шайқастарда ауғандық және халықаралық күштер кемінде 40 талибан жасағын өлтірген. Сонымен қатар, жұма күні Хельманд провинциясындағы әскери операция барысында жиырма шақты бүлікші өлген. Және де Ғазни провинциясындағы қақтығыста талибан жауынгері деп күдіктелген 18 адам өлтірілсе,жергілікті ресмилер тағы алты содыр қамауға алынды деді.