Талибан қолбасшысы Оңтүстік Корея тұтқындарға құн ретінде 20 млн төледі деп айтты

Рейтер агенттігі Оңтүстік Корея Үкіметі Ауғаныстандағы талибандар тұтқынындағы 19 кореялықты босату үшін 20 млн құн төледі деген Талибан қолбасшысының айтқандарын жазып отыр. Ақпарат агенттігі ол талибан қолбасшысының кім екенін жазбаған, бірақ Талибандардың жетекші кеңесінің белді мүшесі деген. Рейтер ол адамның ол ақшаға алда шабуылдар жасау үшін талибандар қару-жарақ пен жаңа көліктер сатып алатын болады деген сөзін келтірген. Сеул талибандарға тұтқындар үшін құн төледі дегенді жоққа шығарып отыр.