Газада бір палестиндік құрбан болды

Мыңдаған палестиндік Мысырмен шекаралас Газа аймағында шеру өткізіп, Рафаһ шекара бекетін қайта ашуды талап етті. Наразылық шарасын өз бақылауында ұстамақшы болған Хамас қауіпсіздік күштері әуеге оқ атқан соң 17-жастағы бір бала құрбан болды және кемінде 6 адам жарақат алды.