Алматы облысындағы зілзаладан баспана-ғимараттарға зиян тимеді

АЛМАТЫ: Кеше кешкісін Алматы облысында қуаты Рихтер өлшемі бойынша 3-4 балға тең жерасты сілкінісі болды. Баспана-ғимараттардың қирағаны және адамның қазасы туралы хабар болған жоқ. Зілзаланың кіндігі Қазақстанның “оңтүстік астанасы” – Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 196 шақырым қашықтықта – Жоңғар тауының етегінде, Талдықорған қаласының маңында болған. Осы маңайда Рудник, Көксу және Алғабас елді-мекендері бар.