Ирақта 1 тележурналист пен 1 АҚШ жауынгері қаза тапты, 11 адам ұрланды

БАҒДАД: Ирақтың солтүстігіндегі Мосул қаласында тәуелсіз “Әл-Мусалия” телекомпаниясының телеоператоры оққа ұшып қаза тапты. Оны белгісіз қарулы кісілер атып кетті. Бағдадтың маңайындағы тас жолдың бойына орнатылған бомбаның жарылысынан 1 АҚШ жауыгері қаза болып, тағы үшеуі жараланды. Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Баакуба қаласында 11 кісіні ұрлап алып кетті.