Ауғанстан қауіпсіздік қызметінің 6 өкілі қаза болды

Кунар аймағында жер асты жарылғыштың іске қосылуынан олар мінген көлік қираған екен. Бұл оқиға жексенбінің кешінде болған. Жексенбіде Забул аймағында көтерілісшілер азаматтық керуенге шабуыл жасаған. Ол керуен шетелдік әскер күштеріне жүк апара жатқан екен. Кем дегенде 12 көлік істен шыққан.