Австралия АҚШ-ты қолдап, Ирақтағы күштерінің санын азайтпайды. Бұл туралы Австралия премьер-министрі Джон Хауард Сиднейде АҚШ президенті Джордж Бушпен өткізген келіссөзінен кейін хабарлады. Баспасөз-мәслихатында сөйлеген сөзінде Джордж Буш Ирақтағы қауіпсіздік пен саясатқа қатысты алғажылжушылықтарды көргенін айтты. АҚШ күштері Ирақтан шығарылсын деген қысымға қарамастан АҚШ өз жолынан қайтпайды деп мәлімдеді Буш. Екі ел басшылары Азия Тынық мұхиты Экономикалық саммиті алдында кездесті.