Олар Франкфурт қаласының әуежайында және Рамшейтн қаласында орналасқан АҚШ базасында шабуылдар жасамақ болды делінеді. Қорғаныс министрі Франц Иозеф Юнг қауіп нақты болды деп сипаттады. Үш азамат кеше ұсталды, олар Өзбекстанда орналасқан террорлық ұйымға қатысады деп айтылды. Федералды прокурор Моника Хармс күдікті азаматтар Ислам жихады ұйымымен сыбайласқан дейді. Күдікті екі адам Германия азаматы, үшіншісі Түркия азаматы деп жарияланды. Германия ішкі істер министрі Вольфганг Шаубле Ислам жихады одағы деген террорлық ұйым Өзбекстанда орналасқан деп сипаттады.