Америка Құрама Штаттарының Ирақтағы әскерінің саны ең жоғары деңгейіне жетті

Бұл туралы АҚШ қолбасшыларының бірі, генерал-майор Ричард Шерлок жариялады. Ол Ирақтағы әскеріміздің саны 168 мыңға жетті, таяу апталарда 172 мыңға жетеді деді. Бұл жасақтардың ауыс-түйістерінен болып отыр. АҚШ президенті Джордж Буш жыл басында Ираққа қосымша 30 мыңдай сарбаз жіберуді бұйырған.