Палестина президенті мен Израиль премьер-министрі бүгін Иерусалимде кездеседі

Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас пен Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерт бүгін Иерусалимде кездеседі деп жоспарланған. Израиль үкіметінің хабарлауынша, Аббас пен Олмерт қауіпсіздік және экономикалық мәселелерді талқылайтын болады. АҚШ-тың ұсынысы бойынша Израиль мен Палестина арасындағы бейбітшілік туралы халықаралық конференция қараша айында Вашингтонда өтпек.