Ауғанстан президенті тәліптермен келіссөз өткізуге әзір екенін айтты

Ауғанстан президенті Хамид Карзай Талибан соғысушыларымен келіссөз өткізуге дайын екенін айтты. Кабул стадионында қауіпсіздік жағдайы бұзылған соң Хамид Карзай өзінің мәлімдемесін тоқтатуға мәжбүр болды. Ол оқиға туралы егжей-тегжейлі мәлімет келіп түспеді, бірақ “Азаттық” радиосының ауған қызметі қауіпсіздік күштері тас лақтырып стадионға рұқсатсыз кіруге әрекет еткен бір топ адамды тоқтатты деп хабарлады.