Иран үкіметі Америка Құрама Штаттарының соты талап еткен миллиардтаған доллар өтемақы мәселесінде негіз жоқ деп мәлімдеді. АҚШ федералды соты Иран үкіметі 1983 жылы Ливанда америкалық базада жасалған бомбалық шабуылдан қаза тапқан 241 сарбаздың отбасына 2 миллиардтан астам доллар өтемақы төлесін деп бұйырды. Жанкештілік бомба шабуылын "Хезболла" ұйымының адамы жасаған болатын. Істі талай рет қараған АҚШ соттары "Хезболла" ұйымына Иран көмектесті дейтін. Иран шабуылға еш қатысымыз жоқ деп келеді.