Алжирде жасалған шабуылдарды "Әл Қаида" ұйымының Солтүстік Африкалық бөлімшесі мойынына алды

Осы аптада Алжирде жасалған екі жанкештілік бомба шабуылынан кемінде елу адам қаза тапты. Алғашқы шабуыл Батна қаласында бейсенбі күні жасалды, мұнда ел президенті Әбділәзиз Боутефликаға қастандық жасалмақшы болды делінеді. Екінші шабуыл Деллис қаласында әскер казармасында кеше жасалды.