Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 20 адам қаза тапты. Дүйсенбі күні Гиришк қаласындағы сауда орталығында болған бұл жарылыстан сондай-ақ 45-ке жуық адам жарақат алды. Кей хабарларға қарағанда ол жерде екі жарылыс орын алған болуы мүмкін.