АҚШ Беларусқа салынған санкциялар демократиялық реформалар жүзеге асырылғанша қала береді дейді

АҚШ мемлекеттік департаментінінң өкілі Шөн Маккормак кеше жарияланған мәлімдемеде АҚШ-ың Беларусқа қарсы шектеулері Беларус билігі демократиялық талаптар мен ережелерге мойынсұнғанға шейін алынбайтын болады деп атап көрсетті. Шөн Маккормак Беларус президенті Александр Лукашенконы азаматтарды қорқытып-үркітеді деп сынай келе, оппозиция заңгері Андрей Климовтың президентке тіл тигізіп, төңкеріс жасауға шақырды деген айыпппен тамыз айында түрмеге қамалғандығын еске алды.