Нидерланды премьер-министрі Ауғанстанға сапармен барды

Үкіметбасы Жан Питер Балкененде Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен кеше кешкісін кездесуі тиіс болатын. Ол Ауғанстандағы Нидерлнады жасақтарына да күтпеген жерден барып, аралап көрді. Нидерланды үкіметі жақын арада өзінің Ауғанстандағы миссиясын әрі қарай жалғастыра ма, жоқ па - осы мәселені шешуі керек, өйткені оның Ауғанстанда орналасқан 2 мыңдық жасағының екі жылдық мандат уақыты аяқталуға таяу. Осы кезге дейін Ауғанстанда Нидерландының 10 әскері қаза болды.