Қазақстан үкіметі мен Қашаған жобасының операторы итальяндық «Eni» басшылары арасындағы келіссөздердің бірінші күнінде ымыра табылмады

Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрлігінің хабарлауынша сейсенбі күні Астанада Қашаған жобасының ортақ операторы «Eni» басшысы Паоло Скарони Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен және Энергетика министрі Сауат Мыңбаевпен келіссөздер өткізді. Оператор шығын өсті десе Қазақстан Қашағанды игеруді әзірге тоқтатып қойды. Бірақ табыс түсуінің кешіктірілуі екі жаққада тиімсіз дейді бақылаушылар.
Өнім бөлісі жөніндегі келісімге сәйкес, мұнай өндіруге кеткен шығын өссе яғни, кенорнына кеткен шығын толық өтелмейінше Қазақстан қазынасына төлемдер түспейді. Демек жылдар бойы жергілікті бюджетке бір тиында түспеуі мүмкін, дейді жергілікті экономистер. Оның үстіне 2010 жылы мұнай барелінің бағасы қанша болатыны белгісіз. Алайда Қашағандағы жұмыс тоқтап тұрса бұл инвестициясын қайтара алмай жүрген операторларға тиімсіз. Энергетика жөніндегі еурокомиссар еуропалық компаниялардың құқықтарына қауіп төнсе шара қолданатындығын хабарлады. Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Мұхановтың айтуынша Қазақстан тарабыда бұған өз көзқарасын білдірді:

- Министр Мыңбаев Қазақстанның жерқойнауын пайдаланушыларға қойылатын міндеттемелерді орындау жөніндегі негізделген талаптарын саясатқа айналдырмауды сұрады.

Ал операторлардың мердігерлерге сілтеме жасап айтуынша Қашаған мұнай өндіруге өте ауыр кенорыны. Және мұнай саласында қызмет көрсететін компаниялардың жұмысы барған сайын қымбаттап барады. Қазақстан тарабы болса мұнай өндіру бірнеше рет шегерілді, бұл заңға қайшы деп отыр. Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Мұхановтың айтуынша операторға ескерту жасалды:

- «Егерде бұл талаптар орындалмаса, біз жергілікті заңдарда ескерілген барлық қажетті шараларды қолданамыз», дейді министр Мыңбаев.

Және Астана жергілікті ұлттық компания «Қазмұнайгаздың» «Eni» сияқты толық құқылы екінші ортақ оператор болуын қалайтындығын жеткізді. Қазақстандық экономист Валентин Макалкиннің айтуынша «Eni» шығынын орынсыз көтерген деп айыпталды. «Бастапқы кезде олар қазақстандық тауарларды сатып алып жергілікті жұмыс күшін пайдаланамыз деп уәде берген. Бірақ, тіпті мүмкіншілік бар кезде қазақстандық мамандарды шақырмаған. Әлбетте, жұмыс күшінің құны әр түрлі. Екіншіден, егерде оператор жергілікті компания болса, онда ол мүмкіншілігінше қазақстандық тауарларды алады», дейді экономист Макалкин.

Министр Мыңбаевтың айтуынша Қазақстанның қызығушылығы орнына келмесе оператордың шығынды өсіреміз деген түезутелеріне қол қойылмайды. Мәжіліс депутаты Ерлан Нығматуллин болса қыркүйектің 12 күні парламент отырысында өнім бөлудегі есеп ерекшелігін ескерсек шығынның аяқ астынан өсуінін кесірінен Қазақстанға экономикалық шығын тиді деген пікірін білдірді.

Министр Мыңбаевтың айтуынша қашағандық мұнайды өндіру жоспарындағы өзгерістер ондаған жылдарға ұлттық экономика өсуін едәуір көлемге азайтады. Қазақстандық экономист Валентин Макалкиннің айтуынша жергілікті билік Қашағандағы міндеттемелер орындалмағандықтан мектептермен ауруханаларды салуды көздейтін әлеуметтік бағдарламалар тығырыққа тіреледі деп сылтауратуы мүмкін.

Министр Мыңбаевтың айтуынша мәселе екі ай бойы талқыланады. «Енді мәселенің достық қатынаста шешілуі 22 қазанға белгіленген. Осы мерзімнен кейін тараптар арбитражға беруге немесе бермей келіссөздерді жалғастыруға құқылы деп хабарланады. Біз үшін негізінен мерзім емес қызығушылықтар тепе-теңсіздігі маңызды», дейді Мыңбаев. Кейбір бақылаушылардың айтуынша Қазақстан Қашаған мұнайындағы өз үлесін қазіргі 10 пайыздан 40 пайызға дйін ұлғайтқысы келеді.