Барша әлемдегі 1,5 миллиардтай мұсылмандар мен бірге қазақстандық мұсылмандар да қасиетті рамазан айның басталуын үлкен қуанышпен қарсы алды. Осыған орай Қазақстандағы 2 мыңдай мешіттерде құран оқылып, рамазан айының келуімен мұсылмандар бір бірін шын жүректен құттықтасты. Ал барша қазақстандық 11 миллионға жуық мұсылмандарды осы рамазан айының келуіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі құтты болсын айтты.
Қасиетті рамазан айында барша мұсылман ораза ұстаулары тиісті бұл мұсылмандықтың басты парыздарының бірі деп саналады. Мұсылмандық танымда Рамазан айында Құран түсірілген ай сондықтан Рамазан айы мейірім, рақым, кешірім айы, тақуалық пен тәрбие айы ретінде байыпталады. Рамазан айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін айы. Осы айда мұсылмандықтың үш парызының бірі Ораза талаптары орындалады.
Рамазан айы басталған күні Алматыдағы орталық мешітте кездестірген Жамбыл обылысының тұрғыны, Алматыда уақытша құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген ислам дінін ұстанушы Әбдіғали Байызақұлы биылғы рамазан айын өзінің асыға күткенін айтады. Оның айтуынша бала кезінен ислам дініне жақын өскендіктен ислам дініне жат саналатын арақ шарап ішу, темекі шегу, құмар ойындарын ойнау секілдіден бойын аулақ ұстанып келген. Енді міне соңғы 6 жыл бойы жыл сайын рамазан айында ораза ұстанып келемін, бұл менің жанымның тазаруына әсер етіп жаман қылықтарға ұрынып қалуымнан сақтайды дейді ол.
Сондай ақ Ә.Байызақұлы соңғы жылдары өзі қатарлас жастардың ислам дініне көбірек бой ұрып жатқанын бұл жақсылықтың нышаны дейді. Алайда шын мұсылмандық жолына енген осындай жастармен бірге дүрмек көбейтіп, көппен бірге мешітке барып, кейде сонда демалып, тынығып алуды тіпті кейде таң атырып ұйықтауды әдетке айналдырған жастар да ара-тұра кездеседі олар әлі имандылықты, шын мұсылмандықты жеткілікті түрде түсіне алмай жүргендер тіпті кейбір қыздар ораза айында тамақ ішпеу арқылы ауыр салмақтан арылуға болады екен сондықтан ораза ұстаймыз деп бетері былш етпей айтып тұратындары бар әрине ондайларға ішің ашиды бірақ ақырындап түсінетін кез де болар деп ойлайсың дейді Ә.Байзақұлы.
Ал Шымкенттен келіп Алматының жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүрген студент Гүлжан Бауыржанқызы өзінің екі жылғы үзілістен кейін биыл қайтадан ораза ұстағалы отырғандығын айтады. Бұған алдын ала біраз дайындалдым, кешеден бері тамақ ішуді азайттым, өзімді өзім дайындай түстім бәлкім биылғы оразам қабыл болатын шығар дейді ол.
Дінтанушы Мейірбек Сопыбектің пікірінше алла тағала ораза ұстаған мұсылмандарға екі түрлі жақсылық жасайды екен. Ал оразаның мақсаты мұсылманды тазартып, тақуалыққа жеткізу болмақ дейді ол.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек ‘Азаттық‘ радиосына берген сұқбатында биылғы рамазан айының 29 күнге жалғасатынын айта келе, осы уақыт ішінде қазақстандық мұсылмандар сауапты істерді көбірек істесе деген тілегін жеткізді.