“Әл-Қаидаға” қарсы болған Ирақтағы шейх қаза тапты

Ирақ мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Анбар өлкесінде орын алған бомба жарылысынан суннит шейх Абдул-Саттар Абу Риша мен оның екі оққағары құрбан болған. Абу Риша Ирақ үкіметі мен АҚШ күштерін қолдайтын сунниттер әулеті бірлестігіндегі танымал тұлға болған және ол Әл-Қаида соғысушыларына қарсы күрес жүргізген еді.