Ресей Думасы премьер министрлікке ұсынылған Виктор Зубковтың кандидатурасын 381 дауыспен бекітті

Ресей Думасының төменгі палатасы Виктор Зубковты премьер министрлікке бекітті. Ресей президенті Владимир Путиннің күтпеген жерден ұсынған қоғамға белгілі емес шенеунік Зубковтың кандидатурасын қолдап депутаттардың 381-і дауыс берді. Бүгін дауыс берулер алдында Зубков Мемлекеттік Думаға өзінің Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін басты бағытқа алатынын айтқан.

“Тағы бір маңызды стратегиялық тапсырма – ол өнеркәсіптік-қорғаныс саласын көтеру. Бюджеттен оған қаржы бөлінген. Ең бастысы оны нәтижелі әрі дұрыс пайдалану”.

Ол сондай-ақ әскерилердің әлеуметтік жағдайын көтеруді де басым бағыттарының бірі ретінде атады.