Жоғары рухани жетекші Аятолла Әли Хаманей күндердің күнінде президент Дж.Буш пен Американың басқа да жоғары лауазымды шенеуніктері Ирақтағы ойран әрекеттері мен оккупациялағаны үшін халықаралық сот алдына тартылады деп атап көрсеткен. Бұл сөздерді ол қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Техранда жиналған мыңдаған жұртшылық алдында айтқан.