Ауғанстандағы жанкештілік шабуылдан 9 адам құрбан болды

Ауған ресмилерінің хабарлауынша, елдің оңтүстігінде орын алған жанкештілік шабуылдан 9 адам қаза тапқан. Бұл жарылыс бүгін Хелманд өлкесінің Над Әли ауданындағы полиция бекетінде болған. Құрбан болғандардың төртеуі полиция қызметкері деп хабарланып отыр.