“Азат Еуропа / Азаттық” радиосының тілшісі Парназ Азима Америка Құрама Штаттарына жетті. Ол Иранда 8 айға жуық уақыт бойы тұтқында болған еді. АҚШ-Иран қос азаматтығына ие Парназ Азиманың төлқұжатын Иран ресмилері қаңтардың 25-де тартып алған тұғын.
“Азат Еуропа / Азаттық” радиосының тілшісі Парназ Азима Иранға ауру анасын көру үшін барған еді. Иран ресмилері оның төлқұжатын алып қойып, оған ұлттық қауіпсіздікке қарсы насихат жүргізді деген айып таққан болатын. Ал қыркүйектің 4-і күні ол өз паспортын алып, міне енді АҚШ-қа ұшып келді. Бірақ ол Ираннан шығып кетсе де, әлі де ол бірқатар проблемаларға тап болып отыр. Вашингтонда ол отбасымен және “Азат Еуропа / Азаттық” радиосының президенті Джеф Гедминмен кездесті.
“Сегіз ұзақ ай бойы Парназдың “Азат Еуропа / Азаттық” радиосындағы әріптестері оның қайтадан азат болуын күткен еді. Ол өз отбасымен және әріптестерімен қайта қосылғанына, сонымен қатар, жақында дүниеге келген немересін алғаш рет көре алатынына біз өте қуаныштымыз”, - деді Гедмин.
Ол, сондай-ақ, Азиманың жағдайына алаңдаушылық танытқандарға өз алғысын білдірді:
“Бүкіл “Азаттық” радиосы және мен ұзақ сынақ барысында Парназды өз жүректерінде және дұғаларында ұстаған барлық адамдарға терең алғысымызды білдіреміз. Үкіметтің ішіндегі және сыртындағы бірнеше адам, американдықтар мен ирандықтар, және еуропалықтар оның босатылуы үшін жұмыс атқарды. Біз АҚШ-Иран қос азаматтығына ие тұтқындардың және саяси астармен қамауға алынған ирандықтардың азат етілуін талап еткендерге қосыламыз”.
Алайда ол Парназ Азимаға тағылған айыптардың алынбағанына алаңдаушылық танытты. Азиманың адвокаты Мохаммад Хоссейн Агасси “Фарда” радиосына берген сұхбатында былай деп мәлімдеді:
“Егер бұл саяси және қауіпсіздікке қатысты емес қарапайым іс болғанда, онда ол 4 айдың ішінде жабылар еді. Бірақ бұл істің қауіпсіздікке қатысты болғаны үшін және оның саяси астары бар болғандықтан, біз ол туралы нақты болжам айта алмаймыз, сондықтан біз оны халықаралық қарым-қатынастар мен саяси мәселелерге байланысты кейінге қалдыруымыз керек болды”.
Иран прокуратурасының қауіпсіздік кеңсесі мамырдың 15-і күні Парназ Азимаға ұлттық қауіпсіздік қарсы іс-әрекет жасады және “Фарда” радиосында жұмыс істеп Иран мемлекеті туралы насихат жүргізді деген айыптар таққан болатын. Ал “Фарда” радиосы АҚШ тарапынан қаржыландырылатын “Азат Еуропа / Азаттық радиосы” мен Америка Дауысының парсы тілінде хабар таратушысы деп есептеледі. Азима өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, “Фарда” радиосының мақсаты саяси әрекеттермен айналысу емес, ақпарат пен мәліметтерді тарату болып табылады деген.
“Азат Еуропа / Азаттық” радиосында Азима Парсы әдебиеті, Иран тарихы мен Ирандағы әйелдердің жағдайы туралы және адам хұқтары, діни мәселелер, баспасөз жағдайы жөнінде бағдарламаларды жүргізген. Сонымен қатар ол ағылшын және француз тілдеріндегі 30-дан аса кітапты Парсы тіліне аударған.
Ең ақырында Азиманы босату үшін кепілдік ретінде шамамен 550 мың АҚШ доллары сұралды. Парназ Азима маусымның 6-ы күні “Азаттық” радиосына телефон арқылы берген сұхбатында өзінің Иран ішінде қозғала алатынын хабарлады, бірақ өзін “үлкенірек абақтыдағы тұтқын” ретінде сезінетінін айтты.
Иран билік орындары Азимаға егер “Фарда” радиосындағы қызметіңізден кетсеңіз, ісіңіз шешіледі деген екен. Бірақ ол солай жасаудан бас тартқан. Бұл туралы Парназ Азима 26-шы тамызда “Фарда” радиосына берген сұхбатында хабарлады.
Жалпы, Парназ Азима мен Иран тарапынан қамауға алынған тағы басқа үш иран-американдықтың ісіне халықаралық деңгейде назар аударылды. Адам құқын қорғаушылар Парназ Азима мен кеңесші Киан Таджбахшты және ғалым Халех Есфандияри мен бейбітшілік жөніндегі белсенді Али Шакериді азат етуді талап етіп, шерулер ұйымдастырған болатын. Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік департаменті мен танымал заңшығарушылар да оларды босатуға шақырған еді.
Есфандияри Ираннан 3-ші қыркүйек күні шығып кетті. Ал Таджбахш пен Шакери әлі де қамауда қалып отыр. Қыркүйектің 11-і күні түрмеге келген журналистерге берген сұхбатында Таджбахш өзінің “жақын арада” азат болатынын хабарлады.
Азима мен АҚШ-Иран қос азаматтығына ие тағы басқа үш кісі Иран режимін сынайтындарды басып тастау үшін тұтқындалған шығар, дейді талдаушылар.