Израиль Газа секторын “дұшпан жері” деп атаған болатын. Бірақ бұған қарамастан палестиналық Ислам Жихады деп аталатын соғысушы топ Газа аймағынан Израильге қарай зымырандарымызды ата береміз деп мәлімдеді. Ислам Жихады баспасөз-хатшысы Абу Ахмедтің айтуынша, зымыран шабуылдары соғысушылардың қарсылық көрсету құқығы болып табылады. Басқа да хабарға қарағанда, бүгін Израиль күштері Газадағы қақтығыста бір палестиналық жасөспірімді өлтірді.