Иранға жаңа тиымдар келер аптада салынады, деп АҚШ күтуде

Бұл жөнінде АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Залмай Халилзад айтты. Осы хабардан бұрын Франция президенті Николас Саркози ядролық қару жасауды ойластыруда, деп Иранды тікелей айыптаған болатын. АҚШ президенті Джордж Буш бұл айтысты дипломатиялық жолмен шешуге үміт артуда. БҰҰ Ядролық энергия басшысы Мұхамед ЕлБарадей болса, Ираннан дәл қазір қауіп төніп тұрған жоқ, дей келіп, әлем басшыларын бейбітшілікті сақтауға шақырды.