Қазақстан соңғы 2006 жылғы мәлімет бойынша әлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестік индексінде 134 көрсеткіштің 76-сы бойынша бұрынғы жылмен салыстырғанда нашарлап кеткен. Бұл туралы қыркүйектің 21 күні Астанада халықаралық экономикалық форумда Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің өзі хабарлады. Ал Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, көрсеткіштердің өзгеруінің себебі бар.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың айтуынша әлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестік индексінде денсаулық сақтау индексі бойынша Қазақстан 2005 жылы 83 орында болса 2006 жылы 86 орынға түсіп қалған. «Бизнестің даму көрсеткішінде 63-інші орында болса 72 орынға төмендеген. Инфрақұрылым индексінде 62 орында болған Қазақстан 68 орынға түсті. Жалпы 2006 жылы 134 көрсеткіш бойынша 76-сында Қазақстан бұрыңғы жылмен салыстырғанда нашарлап кеткен», дейді премьер Мәсімов.
Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының мамандары айтып өткендей Қазақстан экономикасы бірнеше жылда көтерілгенімен адам өмірінің ұзақтығы азайды. Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының мамандарымен бірге индекс көрсеткіштеріне зерттеу жүргізген Қазақстанның Білім министрлігінің ақпараттық орталығының директоры Ербол Сүлейменовтың айтуынша Қазақстан бірнеше көрсеткіш бойынша төмендеп кеткен:
- Жаһандық бәсекелестік индексінде Қазақстан 2001 жылы 51 орында болса 2006 жылы 56 орынға түсті.
Қазақстаннның экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша көрсеткіштердің өзгеруінің себебі бар. «Біріншіден бұл индексте есептеу әдістемесі өзгерген және рейтингке елдер қосылған. Сондықтан Қазақстан арасында бұрын индекске қосылмаған бірнеше елдер пайда болды, сол себептен жалпы сомада біз рейтингте 56 орынға орнықтық», дейді ол.
«Қазына» тұрақты даму қорының жетекшісі Қайрат Келімбетовтың айтуынша 2007 жыл нәтижесінде Қазақстан әлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестік индексінде қандай орынға ие болатындығыда өзге елдерге байланысты:
- 2007 жыл нәтижесі қандай болатынын айту қиын. Өйткені ол текқана бізге қатысты емес. Басқа елдергеде қатысы бар. Егер біз жұмысты жақсартып ұлғайту жоспарымыз болса, басқа елдерде сондай жоспары бар.
Астанадағы халықаралық экономикалық форумда Әлемдік банк және халықаралық қаржы корпорациясы «Doing Business 2007» деп аталатын есебін жариялағандығыда айтылды. Бұл құжатта іскерлікпен айналысуға жағдай жасалған 175 елдің тізімі бар. Қазақстан 62 орында. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20 сатыға жоғары. Рейтинг жасау кезінде компания құруға және салық төлеуге кететін уақытпен қаржы ескеріледі. Ал астаналық жеке кәсіпкер Айгүл Құрманғалиеваның айтуынша Қазақстандағы бәсекелестікті дамыту үшін көптеген жылдар керек:
- Мен жаңадан аяққа тұрып келе жатырмын. Бізде кәсіпкерлердің салығы көп деп айта алмаймын, 3 пайыз төлейміз. Бірақ, әлеуметтік салық, зейнет қорына төлеу керек, сосын басқада шығындарымыз бар. Сондықтан біз тез дамып кете алмаймыз.
Ресми мәлімет бойынша соңғы 4 жылда Қазақстан банктері берген несиелер бұрыңғы жылдармен салыстырғанда 5 есеге өсіп 21 миллиард долларға жеткен. Оның сыртында 2006 жылдан басталатын жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарлама талаптарына сәйкес, лицензия, яғни, арнайы рұқсатты талап ететін кәсіп түрлеріне жеңілдіктер ескерілді. Енді, лицензия саны 40-қа дейін азайды. Осылайша, инвестициялық климат біртіндеп жақсарып келеді деп хабарланады. Астанада халықаралық экономикалық форумда айтылғандай соңғы 6 жылда жыл сайын елдің ішкі жалпы өнімі 10 пайызға көтеріліп келеді. Ал инфляция көрсеткіші 7-8 пайыз мөлшерінде.