Иран президенті АҚШ-тағы Колумбия университетінде сөз сөйлейді

НЬЮ-ЙОРК: Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад БҰҰ-ының Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке ұшып келді. Оның Колумбия университетінде сөз сөйлеуі наразылық туғызды. Сыншылардың пікірінше, М.Ахмадинеджад “Холокост қасыретінің” орны болғанын мойындамайды, Израильді жер бетінен жоюды көздейді және ядролық қару жасауға ұмтылады. Колумбия университеті болса Иран лидеріне сөз бостандығы болғандықтан сөз беретінін мәлімдеді. АҚШ-қа ұшып келері алдында Иран президенті Америка телекомпаниясына сұхбат беріп, Иранның ядролық қаруға ұмтылатынын түбегейлі жоққа шығарды. М.Ахмадинеджад, сонымен қатар, Иран АҚШ-пен соғысуға жақын тұр деп есептемейді.