ВАШИНГТОН: Бүгін АҚШ президенті Дж.Буш Мьянманың әскери үкіметіне қарсы бағытталған жазасын қатаңдататынын жарияламақшы. Мьянмада будда монахтары бастаған үкіметке қарсы наразылық шеруі бір апта бойы жалғасып келеді. Елдің әскери билігі шеруге шыққан халыққа қарсы қатаң шара қабылдайтынын ескертті. Әлем қауымдастығы болса Мьянма үкіметін наразылық шеруіне төзімділікпен қарауға шақырады.