Ұлыбританияның қорғаныс министрі де Талибанмен келіссөз жүргізуге қарсы емес

ЛОНДОН: Ұлыбританияның қорғаныс министрі Дес Браун Ауғанстандағы Талибан қозғалысы келешекте елде тыныштық орнату үшін бейбіт процеске тартылуға тиіс деп есептейді. Д.Браун Талибан қозғалысы жойылады деп ойламайды. Ағылшын министрі тәліптермен келіссөзге отыруға дайын екенін мәлімдеген ауған президенті Х.Қарзайдың сөзін қайталап отыр. Сонымен қатар Д.Браун Ауғанстанда Батыстың заңнамалық жүйесін енгізу мүмкін емес те болар, бірақ шариғатқа негізделген заң жүйесі пайда болуы мүмкін деп санайды.