Бүгін Ирақтағы шабуылдардан кемінде 9 адам қаза болды

Бүгін Ирақтың Бағдад пен әл Басрах қалаларында болған көлік жарылыстарынан кемінде 9 адам қаза болды. Бағдадта екі көлік жарылып, алты адам құрбан болып, 20 кісі жарақат алса, оңтүстіктегі әл Басрах қаласында жанкештілік көлік жарылысынан 3 адам қаза тауып, 20 шақты адам жараланды.