ОТТАВА: Ауғанстанның Канададағы елшілігі ауған президенті Х.Қарзайдың Канада парламентінде сөйлеген сөзінің жобасын Канаданың қарулы күштері жазып беріпті деген мәлімдемені “күлкілі” әрі “намысқа тиетін” мәлімдеме деп бағалады. Оппозициядағы Жаңа демократиялық партия осыдан 1 жыл бұрын Х.Қарзайдың Оттавадағы сөйлеген сөзінің жобасын Канаданың әскери кеңесшілерінен жазып беруді өтінгені туралы құжатты қолға түсіргенін мәлімдеді. Саяси партия ауған президентінің әлгі сөзін Канаданың әскери миссиясын Ауғанстанда қалдыруды көздеген “саяси қулық” деп бағалайды.