Полиция мен үкіметтік күштер биліктегі әскери хунтаға қарсы демонстратцияларын жалғастырып жатқан будда монахтары мен олардың қолдаушыларына қарсы күш қолдануда. Елдің бас қаласы Янгонда полиция шерушілерге ескерту ретінде оқ атып, көзден жас ағызатын газ жіберді. Көзбен көргендердің айтуынша, полиция шерушілердің кейбірін соққыға жығып, ондаған адамды ұстап әкеткен. Билік сейсенбіден бастап түнгі мезгілде коменданттық сағат енгізіп, адамдардың көптеп жиналуына тиым салды. Бұл осы елде соңғы 20 жылда әскери хунтаға қарсы мыңдаған адам қатысқан бірінші наразылық акциясы болып отыр.