Израиль армиясы Газа аймағын толассыз соққыға алу үстінде

ТАЯУ ШЫҒЫС: Палестинаның Газа аймағында Израильдің зымырандық соққысынан “Ислам джиһады” ұйымының бір мүшесі қаза болып, тағы екеуі жараланды. Израиль армиясының өкілі хабарлағандай, зымырандық соққы – оның алдында ғана Израиль жерін зымыранмен атқылаған экстремистердің тобын нысанаға алды. Палестиналық партизандар сәрсенбі күні Израиль жерін зымырандармен бірнеше дүркін атқылаған соң, Израиль армиясы Газадағы Бейт-Ханун қаласында экстремистерге қарсы соғыс операциясын бастады.