Қазақстанның Кәсіподақ одағы азық-түлік бағасының өскеніне қарсылық танытуда

Қазақстандағы 2 млн-дай мүшесі бар Кәсіподақтар федерациясы егер билік қазанның бірі дүйсенбіге дейін елдегі азық-түліктің қымбаттауын тоқтатып, баға мен тарифтерді реттемесе үкіметтің оставкаға кетуін талап етеміз деді. Кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Амандықов Қазақстандағы бағаның шарықтауынан инфляцияның жылдық деңгейі үкімет айтып отырғандай 8,2 процент емес, 15,20 пайыз екенін айтады. Қазақстанда соңғы апталарда азық-түлік бағасы қатты көтеріліп кетті, қазанның бірінен бастап тағы баға өседі деп хабарланып отыр.