КАБУЛ: Ауғанстан армиясы мен АҚШ бастаған коалициялық күштер елдің оңтүстігіндегі Гильменд облысында 20-дан астам тәліптің көзін жойғандарын мәлімдейді. Осы мәлімдемеге қарағанда, Редж ауданында тәліптердің ізіне түскен коалиция әскерінің өзі бораған оқтың астына тап болып, көмекке соғыс авиациясын шақырды. Әзірше әуе соққысынан бейбіт халықтың арасында адам шығыны болғаны туралды мәлімет болған жоқ. Қанша тәліптің көзін жойғанын да кесіп айту мүмкін болмай тұр.