БІШКЕК: Қырғызстан үкіметі астық нарығындағы ахуалды бірқалыпқа түсіру үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Қырғыз үкіметі тиесілі заң жобасын әзірлеп парламентке жолдады, ал Жогорку кенеш оны бірінші оқылымында қарап үлгерді. Заң жобасында мемлекеттік астық қорын толықтыруға астық сатып алу үшін 600 млн. сом, ауыл-шаруашылық саласына бидайдың қысқы тұқымын сатып алуға тағы 150 млн. сом қаржы бөлу қарастырылған. Астық негізінен көрші Қазақстаннан сатып алынбақшы.