Өзбекстан Орталық Азия елдерінде су қорларының бөлінуі мәселесінде өзінің алаңдаушылығын танытып отыр. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Өзбекстанның сыртқы істер министрі Владимир Норов Орта Азия аймағында су пайдалануда оны өзара бөлісу шарасының кедергі, проблемалары тереңдеп бара жатқанын, ол жинақтала келе жанжалға ұласуы мүмкін екендігін айтқан. Норовтың айтуынша, Орталық Азия елдеріндегі қоршаған ортаға деген саясаттың әркелкілігі проблеманың басты көзі. Ол мысал ретінде Арал теңізінің жағдайын алға тартып, ауыз су тапшылығы ұлғайып бара жатыр деді.