Оңтүстік Корея басшысы Пхеньяндағы келіссөзге көңілі толғанын айтты

Оңтүстік Корея президенті Но Му Хион Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ирмен өткізген келіссөздерге көңілі толғанын айтты. Екі ел басшыларының Пхеньяндағы басқосуы 1950-ші жылдардың басындағы соғыстан кейін екінші рет орын алып отыр. Оңтүстік Кореяның баспасөз-хатшысы хабарлағандай, саммиттің аяқталуына дейін, яғни бейсенбіге шейін, екі жақ мәлімдеме әзірлейтін болады.