Украина президенті Виктор Ющенко жексенбі күнгі парламенттік сайлаулардағы үш жетекші партияны коалициялық үкіметке қатысты келіссөздерді бастауға шақырды. Олардың арасында “Қызғылт-сары төңкерісінде” президентпен одақтас болған топтар мен қарсыластары да бар. Бұл партиялар “саяси көрегендік” танытады деп үміттенемін деді Ющенко.