НАТО күштері мен Ауған әскерилері Талибанға қарсы операция бастағандарын хабарлады. Қыста бүлікшілерге қысым жасауға бағытталған “Памир” операциясы көктемге дейін жалғасады, деді НАТО баспасөз-хатшысы Джэймс Апатурай. Бірақ ол операцияға нақты қанша әскер қатысатыны жөнінде мәлімет бермеді.