Қазақстан президенті “Эни” компаниясымен жасалған келісім-шарттың қайта қаралмайтынын мәлімдеді

«Егерде Каспийдің сол жағындағы Қашаған мұнай кенорнындағы жоба операторы итальяндық «Eni» компаниясы қол қойылған контрактарды бұзатын болса, Қазақстан тарабы елдің ішкі заңдарына сәйкес шара қолдану құқын өзіне қалдырады». Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазанның 8 күні Астанаға келген Италияның министрлер кеңесінің төрағасы Романо Продимен өткен келіссөздерден кейін осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, «Eni» оператор болған кезде бірінші мұнай 2005 жылы болады деп Қазақстанның 5 талабын орындауға келіскен. Ал Романо Продидің айтуынша, уақыт пен жоба талаптары Қазақстанның қолында.
Биыл жазда Қазақстан тарабы Каспийдің сол жағындағы Қашаған мұнай кенорнындағы жоба операторы итальяндық «Eni» компаниясын кеден талаптарын бұзды, экологияға зиян тигізді және өрт қаупін тудырды деп айыптаған болатын. Енді бұл мәселе екі ел басшыларының деңгейіне жетті. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Каспийдің сол жағындағы Қашаған мұнай кенорнындағы жобасы бойынша 7 компаниямен жасалған өнім бөлісі жөніндегі келісім 1998 жылы қаңтарда күшіне енген және 40 жылға жасалған.

«Біз 10 жыл бұрын жасалған осы келісімді қайта қарайын деп отырған жоқпыз. Қазақстан үкіметінің қолдауымен жобаның операторы болған «Eni» тобы биыл жергілікті үкіметке жаңа бюджет ұсынып, шығынды 100 миллиард долларға өсіретіндігін және бірінші мұнай өндірісін 2005 жылдан 2010 жылға дейін шегеретіндігін жеткізді. Қазақстан үкіметі елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және экономиканың стратегиялық жоспарларына қажет қаржы жоғалтатындығын есептеді», деді президент Назарбаев.

«Осыған орай екі жақ келіссөздерге кірісті, ол Қазақстан президентіне де, Италия үкіметінің төрағасына да қатысты емес», дейді ол.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, «егер де инвесторлар қол қойылған контрактарды бұзатын болса, Қазақстан тарабы елдің ішкі заңдарына сәйкес шара қолдану құқын өзіне қалдырады».

Биылғы қыркүйек айында Қазақстан парламентінің төменгі палатасы «Жер қойнауын пайдалану туралы» заңға өзгеріс енгізгеннен кейін Өнім бөлісі жөніндегі келісімдерді өзгертуге болады. Тек енді бұл құжатқа президент Назарбаев қол қоюға тиіс. Президент Назарбаевтың мәліметінше, «Eni» оператор болған кезде біріншіден, мұнай 2005 жылы болады деп келіскен. Екіншіден, экологиялық проблемалар, үшіншіден, қазақстандық компанияның теңоператор болуы, төртіншіден, қызмет атқаруларға Қазақстан жағы қатысады және бесіншіден, мұнай табылған кезде шығатын газ өңделу керек деп келісілген.

«Мен «Eni» тобы өз сөзінен қайтпай жұмысын жасайды деп сенемін», деді президент Назарбаев.

Президент Назарбаевтың пікірінше, бұл инвестор мен мемлекет арасындағы қалыпты қатынас.

«Және мұнда мен ешқандай ерекше жағдайды көріп тұрған жоқпын, кез-келген мемлекет өз мүдделерін сақтау керек», деді Назарбаев.

Италияның министрлер кеңесінің төрағасы Романо Проди операторға қойылған талаптар шұғыл ескертулерге жатады және дұрыс талқылаумен оны шешіп жұмысты жалғастыра беруге болады деп санайды.

«Ал, уақыт пен жоба талаптары Қазақстанның қолында... Президент Назарбаев қойған нұсқаулар өте жақсы және болашақта қандайда бір келісімге құрал болуы мүмкін», дейді Романо Проди.

2001 жылы құрылған Қазақстанның 100-ге жуық құрылыс және өндіріс компаниялары кіретін Мұнайгаз саласы қауымдастығының төрағасы Қайрат Әлмұхаметов Алматыда өткізген баспасөз мәжілісінде қазақстандық шенеуніктер Қашаған мұнай кенорнына мониторинг жүргізудің орнына басымдылық көрсетеді деген мәлімдеме жасады.

«Соның кесірінен оператор мұнай өндірісін шегеріп, жоба құнын өсіріп жіберді. Оның үстіне, Қазақстан билігі Қашаған операторына оффшор аймақтары арқылы жұмыс істеуге рұқсат берген. Осыдан келіп Қазақстандағы компаниялардың қызметі шетелдік компаниялармен салыстырғанда қосымша құн салығынының кесірінен қымбаттап сала береді. Нәтижесінде 156 миллиард долларға дейін өскен жобадағы Қазақстан мердігерлерінің үлесі небәрі 10 пайыз болады», дейді Қ.Әлмұхаметов.

Геологтардың пайымдауынша, Қашаған соңғы 30 жылда табылған әлемдегі ең ірі мұнай кенорындарының бірі. Онда 5 миллиард тоннаға жуық мұнай қоры бар деп жорамалданады.