МӘСКЕУ: Бүгін Ресейдің газ монополисі - “Газпром” компаниясы мен Украина қарыз проблемасын шешетін келісімге келуге тиіс. Өткен аптада Ресей компаниясы егер Украина өзінің 1.3 млрд. доллар қарызын 1-қарашаға қарай толық өтемесе, газ беруін доғаратынын ескерткен болатын. Газ компаниясының дүйсенбі күнгі мәлімдемесіне сәйкес, “Газпром”-ның президенті А.Миллер мен Украинаның энергетика министрі Юрий Бойко әлгі қарыз бойынша өзара ымыраға келді. Газ бойынша Ресей өкілдерімен келіссөз жүргізу үшін бүгін Украина премьері В.Янукович Мәскеуге барады.