Қытай коммунистері өздерінің 17 сиезіне жиналды

БЕЖИН: Бүгін Бежинде Қытай компартиясының 17-нші сиезі өз жұмысын бастады. Делегаттардың алдында сөйлеген сөзінде Қытай лидері Ху Цзиньтао компартияның басшылық рөлінің асқан “маңыздылығын” атап көрсетті. Ол, сондай-ақ, ұлттық қорғаныс жүйесін жетілдіру қажет деп мәлімдеді. Сиездің қарсаңында Бежинде қауіпсіздіктің қатаң шаралары қабылданды. Келіп түскен хабарға қарағанда, делегаттарға өздерінің шағымдары мен өтініштерін тапсырмақ болған бірнеше саяси диссидент пен мыңдаған халық сиез өтіп жатқан ғимаратқа жіберілмеді.