“Вашингтон пост” газеті Ирақта өз тілшісінің оққа ұшқанын хабарлады

БАҒДАД: Бүгін Ирақта Бағдад қаласының іргесіндегі АҚШ-тың соғыс базасына шийттердің қарулы жасағы ұйымдастырған шабуылдың салдарынан 5 бейбіт тұрғын құрбан болды. Оның алдында Американың “Вашингтон пост” газеті өз тілшісінің қаза тапқанын хабарлаған болатын. Ол Бағдадтың оңтүстік-батысында шийттер мен сүнниттердің өзара қақтығысы туралы репортажын жазып жатқан кезде оққа ұшты.